БЕЛЬГИЯНЫҢ ІРІ КӨЛІК КОМПАНИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДАДА ЗАУЫТ САЛМАҚ
Қазақстан – бизнес құруға қолайлы ел. Бұнымен еуропалық кәсіпкерлер де келіседі. «Хабар» арнасына берген сұхбатында Бельгияның «VanHool» ірі көлік компаниясы директоры Герт Ван Хэкке біздің елге инвестиция салуға дайын екенін айтты.
Қазақстанда автобус шығаратын кәсіпорын салмақ ниетте. Герт Ван Хекке Қызылорда облысында Қазақстанмен бірігіп зауыт тұрғызуды жоспарлап отырғанын жеткізді.
- Заманауи көлік өнімін ұсынып қана қоймай, жергілікті тұрғындардан құралған қызметкерлерді оқытуды жоспарлаудамыз. Тепе-тең серіктестер ретінде бизнес жүргізсек дейміз. Өнімдеріміз Еуропада, АҚШ-та танымал. Бірақ Орталық Азияға енді қадам басқалы отырмыз. Бірігіп шығаратын қазақстандық өнімнің әлем нарығын жаулап алуы үшін тырысамыз, - деді ол сұхбатында.