АҚ ХАЛАТТЫЛАР ӘНШІЛЕРМЕН ЖҰПТАСЫП ӨНЕР КӨРСЕТТІ
Медицина қызметкерлерінің күніне орай ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Қызылорда облыстық медицина орталығында «Екі жұлдыз» жұптасып ән салу байқауы ұйымдастырылды, - деп хабарлады «Қоғам» телеарнасы.
Салтанатты шара үздік денсаулық сақтау қызметкерлерін марапаттаудан басталды. Оларға орталық директоры жүрекжарды тілегін арнады. Шараны ұйымдастырудағы мақсат – көркемөнерпаздар мен кәсіби мамандарды байланыстыру, бірігіп ән салуына мүмкіндік жасау.
Байқаудың шарты бойынша дәрігерлер және кәсіби әншілер бірігіп патриоттық әндер шырқады. Ән мазмұнына қарай би қойылымдарымен көркемделді.