ИЛЬЯ ИЛЬИН ҚХА-НЫҢ ҚОҒАМДЫҚ «БІРЛІК» АЛТЫН МЕДАЛІН ИЕЛЕНДІ
Екі дүркін Олимпиада чемпионы, Сыр елінің мақтанышы Илья Ильин Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалін иеленді.
Бүгін Қызылордадағы Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XІX сессиясы өтіп, аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев ел бірлігін нығайтуға, этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді қалыптастыруға елеулі үлес қосқаны үшін теңдессіз зілтеміршіге Ассамблеяның жоғарғы марапатын табыстады. «Бірлік» медаліне сондай-ақ кәріс этномәдени бірлестігінің ардагері Ге Хак Рим лайық деп танылды.
Алқалы жиында облыс әкімі ҚХА жылы аясында өңірде атқарылған жұмыстарды қорытындылап, тұрғындарды мемлекеттілікті, қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайтуға шақырды. Сессия барысында сөз алғандар елімізде болған соңғы өзгерістер, бейбітшілік пен келісімді нығайту төңірегіндегі ойларымен бөлісті. Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі, конголық Камс Камуабадо Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындап, көпшілікті серпілтіп тастады. Облыстық ассамблеяның барша қазақстандықтарға үндеуі жарияланды.
Жиын соңында ҚХА алғыс хатымен Аналар кеңесінің, татар этномәдени орталығының мүшесі Раиса Смаханова, грек этномәдени орталығының мүшесі Раиса Алхазова, рухани бірлікті нығайтуға үлес қосқан Аягөз Талпақовалар марапатталды.
Назерке САНИЯЗОВА