ӨЗБЕКСТАН ЕЛІМІЗБЕН АРАДАҒЫ ШЕКАРАСЫН УАҚЫТША ЖАПТЫ
15 маусымнан бастап Өзбекстан Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстанмен арадағы шекаралық өткізу пунктерін уақытша жапты, деп хабарлайды BNews.kz.
Өзбек тарапы енгізген шектеу биылғы жылдың 25 маусымына дейін әрекет ететін болады. Бұл туралы қырғыз шекара қызметі мәлім етті.
«Өзбекстан елге келетін азаматтарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізуді уақытша тоқтатты», – делінген таратылған ақпаратта.
Тек Ош облысының Кара-Сууй ауданына қарасты Барак эксклавының тұрғындары ғана қырғыз-өзбек мемлекеттік шекарасынан бұрынғы режимде өте алады.
Маусымның 23-24-інде Ташкентте Шанхай ынтымақтастық ұйымының мерейтойлық саммитінің өтуіне байланысты қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында Өзбекстан тарапы осындай қадамға барып отыр.
Бұдан бұрын Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлерінің кеңесінде РФ қорғаныс ведомствосының басшысы Сергей Шойгу Қазақстан мен ШЫҰ-ға терроризммен күресуде бірлескен шараларды әзірлеуді ұсынған болатын.
ШЫҰ-ға Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан енеді.
Ауғанстан, Беларусь, Үндістан, Иран, Моңғолия, Пәкістан қадағалаушы мәртебесіне ие.
2015 жылдың шілдесінде Уфада өткен ШЫҰ саммитінде ұйымға Үндістан мен Пәкістанды қабылдау процедураларына рұқсат етілген болатын.