1 ТАМЫЗДАН БАСТАП ҰБТ-НЫ ҚАЙТА ТАПСЫРУҒА ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАНАДЫ
Биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуде шекті деңгейден өте алмаған түлектерге тестіні қайта тапсыруға мүмкіндік беріліп отыр. Өтініштер 1 тамыздан бастап қабылданады. Бұл туралы ОКҚ баспасөз конференциясы барысында ҚР БҒМ Білім беру және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ләззат Бөлебаева мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Биылғы жылы шекті 50 балды жинай алмағандар тамызда кешенді тестілеу аясында тесті қайта тапсыра алады. Өтініштерді ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары тамыздың 1-і мен 8-і аралығында қабылдайды. Тестілеудің өзі тамыздың 19-ы мен 24-і аралығында өтеді», – деді Л.Бөлебаева.
Ол сондай-ақ, биылғы жылы «Алтын белгіден» 4768 үміткердің 50%-ы үмітті ақтап шыққанын тілге тиек етті.