ҚАЗАҚСТАН ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ АРЗАН БЕС МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІЗІМІНЕ ЕНДІ
Тәуелсіз Numbeo порталы әлем бойынша өмір сүру сүру деңгейі мен саяхаттау үшін ең арзан және ең қымбат 122 мемлекеттің рейтингін жариялады, - деп жазады «Тенгриньюс» сайты.
Тізім 50 елдегі тауарлар мен қызмет көрсетулердің - азық-түліктің бағасы, жылжымайтын мүлікті жалға алу, мейрамханалардағы орта баға, такси мен қоғамдық көліктің бағасы, сонымен қатар бос уақытты өткізетін орындардың бағасы, коммуналдық төлемдер мен ұялы телефон бағаларының негізінде жасалды.
Өмір сүруге ең арзан мемлекет Үндістан болып шықты. Екінші және үшінші орындарда - Молдова мен Пәкістан. Ал Қазақстан болса тізімде төртінші тұр. Сонымен қатар, ең арзан 10 мемлекеттің тізіміне Непал, Украина, Грузия, Алжир, Әзірбайжан мен Колумбия мемлекеттері енді.
Зерттеудің мәліметінше, Непалда азық-түлік пен тұрғын үйді жалдау өте арзан болса, Кубада кинотеатр, қоғамдық көлік пен жарықтың бағасы арзан. Ал Украинада ең арзан McDonalds екен.
Айта кетейік, ең қымбат мемлекеттердің қатарына, Numbeo порталының мәліметінше, Бермуд аралы, Швейцария мен Багам аралдары кіреді. Сонымен қатар, ең қымбат он елдің тізімінде Норвегия, Исландия, Дания, Сингапур, Люксембург, Кувейт және Гонконг елдері бар.
Айта кетейік, Қазақстанның ең арзан он мемлекеттің қатарына енуі алғаш рет емес. Бұған дейін осы жылдың ақпан айында GOBankingRates қаржы порталы Қазақстанды ең арзан мемлекеттердің тізімінде бесінші орынға қойған болатын.