«БЕЛКӨЛ» СТАНЦИЯСЫНДА ӨРТ-ТАКТИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайларды жою бөлімінің ұйымдастыруымен ««Белкөл» станциясында теміржолдағы өртті жою және авариялық-құтқару жұмыстары» тақырыбында оқу-жаттығу ұйымдастырылды.
Оқу-жаттығудың мақсаты темір жол көлігінде төтенше жағдайды жою, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен темір жол мекемелерін ақпараттандыру және құлақтандыру сызбасының жүзеге асу тиімділігін тексеру, нысанның қызметкерлері мен облыстың өрт сөндіру қызметтерінің өзара іс-әрекетін нақтылау болды.
Сағат 10.00 шамасында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Бірыңғай кезекшілік диспетчерлік қызмет басқармасына «Белкөл» станциясындағы темір жолда шартты түрде өрт оқиғасының орын алғандығы туралы ақпарат келіп түсті. Өрттің шығу себебі мақтаның өздігінен жануынан болған. Одан соң күш-құралдар жұмылдырылып, өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды. Шығыс кестесіне сәйкес 1 өрт поезы, 10 негізгі техника бірлігі, жеке құрамның 59 адамы өрт сөндіру жұмысына атсалысты. Оқу-жаттығуды өткізу барысына темір жол, ішкі істер департаменті, «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» ММ, «Апаттар медицинасы орталығы» ММ облыстық филиалының қызметкерлері қатыстырылды. Жаттығу кезінде «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ және «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы №9 өрт сөндіру жасағы өрт сөндірушілері жедел әрекет етіп, өрт ошағының өршіп кетуіне жол бермеді. Нәтижесінде өткізілген оқу-жаттығуға өз мақсатына жетті деген қорытынды баға берілді.
Қызылорда облысы ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы