ҚЫЗЫЛОРДАДА ОФТАЛЬМОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Қызылордадағы облыстық медициналық орталықтан офтальмохирургия орталығы ашылды. Бүгінге дейін жұмыс істеп келген көз аурулар бөлімі енді кеңейтіліп, глаукомалық кабинет, күндізгі және тәулік бойы емделетін стационар, амбулаториялық хирургиялық орталық ашылып, бір жерге топтастырылатын болады.
Орталықтың ашылу салтанатына облыс әкімі Қ.Көшербаев пен Қазақ көз аурулар ғылыми-зерттеу институтының директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынгүл Ботабекова мен Қазақ гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының директоры Мәрия Омарова қатысты.
Жыл сайын облыстық мидицина орталығының көз аурулар бөлімшесінде 1200 адам ота жасатады. Ал, жаңа орталықтың ашылуы арқылы бұл көрсеткіш 1,5 есеге көбеймек. 2015 жылы Алматы, Астана мен Орынбор қалаларындағы осындай орталықтар қызметіне 500-ден астам қызылордалық жүгінген. Енді сырбойылықтар басқа қалаларға бармай-ақ, жаңадан ашылған орталықта көзге ота жасатуға мүмкіндік алып отыр.
- Бүгін ашылғалы отырған орталық біз үшін маңызды әлеуметтік жоба. Өйткені тұрғындардың денсаулығын жақсарту ең негізгі міндеттердің бірі. Бұл орталық көз ауруларына көрсетілетін көмекті орталықтандыруға, заманауи технологияларды және жаңа емдеу тәсілдерін енгізуге, мүгедектік деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, облыс аумағындағы көз дәрігерлерге әдістемелік-тәжірибелік көмек көрсететін бірегей орталық болатынына сенеміз, - деді облыс әкімі.
Биыл 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасы қабылданды. Осы бағдарлама аясында облыста бес нозология бойынша «Жол картасы» бекітіліп, облыстық бюджеттен 2 млрд. теңге бөлінді.
Облыста денсаулық сақтау саласына көп көңіл бөлініп келеді. Әсіресе жан басына шаққанда денсаулық сақтау саласына қаржы бөлуден Қызылорда облысы республикада екінші орында.