ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАС КӘСІПКЕР 6 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫН АШТЫ
Қызылордалық жас кәсіпкер Нұржан Абсаматов мемлекеттік қолдау аясында өзінің кәсіби сурет-видео студиясын ашу идеясын сәтті жүзеге асырды. Старт-аппердің идеясын Даму Қоры қолдап, кәсіпкердің банкте несие рәсімдеуіне қажетті 85% кепілдендіруді ұсынды. Бөлшек кепілдендіру құралының көмегімен Нұржан Абсаматов ДБ «Сбербанк России» АҚ 7 млн.теңге көлеміндегі 14% үстемемен берілген несие қаражатына қажетті құрал-жабдықтар сатып алды. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында мемлекет тарапынан бастауыш кәсіпкердің несиелік ауыртпалығы екі есе азайып, үстеме пайызының жартысы өтелетін болады.
Алғашқы мамандығы бойынша Нұржан Абсаматов қаржыгер болса да, мамандығы бойынша еш жұмыс жасамаған. Жас кәсіпкердің сөзінше, кеңседегі жұмыс қызықтырмағандықтан, студенттік жылдары ол сурет – видео салонына фотограф-дизайнер болып жұмысқа тұрған . Салонда екі жыл қызмет атқарған Нұржан өзінің тек осы саланы дамытқысы келетінін түсінді. Сондықтан да Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясына оқуға түсіп, продюсер мамандығы бойынша диплом алды.
- Оқуымды аяқтағасын, өзімнің сурет және видео саласында жұмыс атқарып жинаған тәжірибемесүйеніп, бизнес бастауға бел будым. Кәсіби студия ашу үшін көп қаржы қажет болады және оған ЕДБ арқылы қол жеткізуге болатынын түсіндім. Алайда көптеген бастауыш кәсіпкерлер секілді менің де алдымнан кепіл жетіспеушілігімәселесішықты. Осы орайда Даму Қорының Кәсіпкерлерге Қызмет Көрсету Орталығына келіп, кеңесшілерден бұл мәселені кепілдендіру құралымен шешуге болатынын біліп, аталған қолдаудың көмегімен бизнесіме несие алдым. Өзімнің студиямды ашып та үлгердім және бүгінде Қызылордалықтарға тиімді бағада кәсіби қызмет көрсетудеміз, - дейді Нұржан Абсаматов.
Бизнесті қалай жүргізу және қаржыны тиімді басқаруды үйрену үшін бастауыш кәсіпкер «Студенттік жастардың кәсіпкерлік бастамасын қолдау» бағдарламасы аясында Даму Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы базасында кәсіпкерліктің курсы бойынша оқудан өтті.
Жас кәсіпкер Нұржан Абсаматов қазіргі таңда 6 азаматты тұрақты жұмыспен қамтып отыр.