МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Дүйсенбі күні «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы, партиялық бақылау комиссиясының өкілдері және облыстық мәслихат депутаттары «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Қызылорда қаласында жүзеге асырылып жатқан жобалардың орындалу барысын бақылау мақсатында нысандарды аралады.
Әуелі «Сәулет» шағын ауданындағы тұрғын үйлердің құрылысымен танысты. Мұнда бесқабатты 7 үй салынып жатыр. Әр тұрғын үйде 40 екі бөлмелі, 10 үш бөлмелі пәтер бар. Мердігер құрылыс жұмыстарын кестеге сәйкес жүргізуде. Құрылыс жобасының жалпы құны – 103666 млн теңге, оның 93 300 млн теңгесі Ұлттық қордан, 10366 млн теңге жергілікті бюджеттен бөлінген.
Бұдан соң, рейдті ұйымдастырушылар әлеуметтік нысандарды аралады. Облыс орталығындағы Е.Көшербаев көшесінің бойында 280 балаға арналған балабақша бой түзеуде. Құрылыстың жалпы құны – 525324 млн теңге.
– Қазір құрылыстың 80 пайызы бітіп тұр. 24 тамызға дейін балабақша пайдалануға беріледі, – дейді мердігер мекеменің өкілі М.Еспенбетов.
Сонымен қатар, нұротандықтар Тасбөгет кентіндегі 300 орындық мектеп құрылысымен танысты. Құрылысты «Техоснастка – Ремсервис» серіктестігі жүргізіп жатыр. Жобаның жалпы құны – 632749 млн теңге. Бұл нысан да тамызда пайдалануға беріледі. Ал Тасбөгеттің шет аумағында тұратын балалар жаңа оқу жылынан бастап алыстағы мектептерге қатынамайтын болады.
– Біз Ұлттық қордан және бюджеттен бөлінген қаржының тиімді жұмсалуын бақылау үшін рейд жүргіздік. Құрылыс нысандарының сапасын тексеріп, мердігер мекемелердің басшыларына ұсыныстарымызды айттық. Жалпы, жұмыс сапасы қанағаттанарлық. Қаржы өз мақсатында пайдаланылып жатыр, – деген «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев бағдарламаның орындалу барысы үнемі қадағалауда болатынын жеткізді.
Дәурен ОМАРОВ