ҚАУІП ҚАЙДАН ДЕМЕҢІЗ...
Кеше облыс әкімдігінде төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Мәжілісте аймақ басшысы Қ.Көшербаев қыс мезгілінде оқыс оқиғалардың алдын алуда атқарған жұмыстары үшін облыс әкімінің орынбасары Н.Әлібаевты, қала әкімінің орынбасары М.Тілеуімбетовті, Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары С.Ыдырысовты Төтенше жағдайлар комитетінің Алғыс хатымен марапаттады.
Отырыстың күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Облыс аумағында сейсмомониторинг жүргізу, білім нысандарындағы өрт қауіпсіздігі және өртке қарсы су жүйесінің техникалық жағдайы мен су қоймалары жайлы.
Қауіп-қатер қайдан демеңіз... Халық тығыз орналасқан аймақтардағы ірі өндіріс орындары мен оларда орын алуы мүмкін төтенше жағдайлар немесе өндіру процесі салдарынан туындайтын залалдар жер сілкінісін тудыратын қауіптің басты факторлары. Аймағымыз құмды жер, сейсмикалық қауіп жоқ дегенімізбен, Құмкөл кенішіндегі мұнай өндіру жұмыстары геологиялық ортаға техногендік әсер ететіні бесенеден белгілі. Сондай-ақ, Сейсмология институты бекіткен "Сейсмикалық аймақтандыру картасына” зер салсақ, Шиелі мен Жаңақорған аудандарының бірқатар елді мекендер сейсмикалық қауіпті аудандарға жатады екен.
Осындай мәселелерді зерделей келе, облыстық ТЖД басшысы С.Өмірзақов Құмкөл кенішінде 2009-2010 жылдар аралығында 5 балдық 3 жер сілкінісі орын алғанын жеткізді. Осындай қауіптердің алдын алу мақсатында Сейсмология институтының аймақтық орталығын ашуды ұсынды. Сонымен қатар, "Парасат” ұлттық ғылыми-техникалық холдингіне қарасты Сейсмология институтының директоры Т.Абақанов геодинамикалық сейсмополигон салу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін жұмыстарының бірі екенін, "Сейсмикалық аймақтандыру картасына” орай Құмкөл кенішіне 10 станция салу қажеттілігіне назар аудартты.
Бұл ұсынысқа облыс әкімі нормативтік құқықтық база негізінде Энергетика министрлігімен бірлесіп Үкіметте қаралу қажеттігін айтты. Дегенмен, әлеуметтік жоба көзі ретінде қарастыруды орынбасары Н.Әлібаевқа жүктеді. Сондай-ақ, бұл мәселені мұнай компанияларымен бірлесе меморандумға отырып, қаржы көздерін қарастыруды ойластырған да абзал болмақ. Келісіліп-пішілген кез келген жобаларға әкімдік тарапынан қолдау білдіретінін айтқан аймақ басшысы "Жергілікті биліктің басты парызы – халыққа төнер қауіптің алдын алу” – деп түйіндеді.
Нұрбек САҒАТҰЛЫ