АУДАН ОРТАЛЫҚТАРЫНДА ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДЕ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗІЛУДЕ
Мемлекеттік қызмет істері департаментінің қызметкерлерімен Шиелі ауданының Жанатұрмыс және Ы.Жахаев атындағы ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесулер өткізілді. Сонымен қатар, Департамент басшысы Жазира Жылқышиева Шиелі кентінде жастармен кездесу өткізіп, «Нұр Отан» партиясының филиалында азаматтарға жеке қабылдау жүргізді.
Департаментттің бас мамандары Әділхан Жулекешов және Қабланбек Абдраманов қатысушыларға мемлекеттік қызметтің жаңа моделін, мемлекеттік қызмет лауазымдарына орналасу тәртібін, мемлекеттік басқару жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы елімізде қабылданатын шаралар, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік жұмыстарын қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің нормаларын түсіндірді.
Тұтастай алғанда, жоғарыдағы іс-шараларға 300-ден астам адам қатысты (жастар, бизнес субъектілері, мемлекеттік емес ұйымдар, мемлекеттік қызметшілер).
Жеке қабылдауда өзекті мәселелер бойынша және кеңес сұраумен 10 аудан тұрғыны жүгінді. Өтініштер сот орындаушыларының, миграциялық қызметтің, жұмысқа орналасу және мүгедектерге медициналық қызмет көрсетушілердің жұмыстары жайлы болды. Барлық сұрақтар басшылықтың жеке бақылауына алынды.
Осындай шаралар 16 маусымда Жаңақорған ауданында жүргізіледі.