ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫС ЖАСАҒАНЫ ҮШIН 386 БIЛIМ ҚЫЗМЕТКЕРI СОТТАЛҒАН
Жемқорлық қылмыс жасағаны үшiн 386 бiлiм жүйесiнiң қызметкерi сотталған. Бұл туралы ҚР Мемлекеттiк хатшысы Гүлшара Әбдiқалықова ҚР Президентi жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерi жөнiндегi комиссияның отырысында мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz.
«Бес жылдың iшiнде бiлiм саласындағы мемлекеттiк шығыстар 2011 жылғы 1 трлн теңгеден 2015 жылғы 1 трлн 368 млрд теңгеге дейiн өстi. Соған қоса, бұл саладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған iс-шаралар жеткiлiксiз және олар бiлiм жүйесiндегi сыбайлас жемқорлықтардың санын төмендете алмайды. Атап айтсақ, 2014-2015 жылдар мен 2016 жылдың 1 тоқсанында бюджеттiк заңнаманы және мемлекеттiк сатып алу туралы заңнаманы бұзған 1040 лауазымды тұлға әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылған, 386 бiлiм жүйесiнiң қызметкерi жемқорлық қылмыс жасағаны үшiн сотталған», - деді Мемлекеттiк хатшы.
Отырыста Ұлттық қордың қаржысын тиiмдi пайдалану және ашықтығын қамтамасыз ету, бiлiм жүйесiндегi сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылдар жөнiнде, сондай-ақ, мемлекеттiк органдарда сыбайлас жемқорлық деңгейiнiң рейтингiн қалыптастыру мәселелерi бойынша қабылданған iс-шаралар талқыланды.
Отырыс барысында Бас прокурор Ж.Асановтың, Ұлттық банк төрағасы Д.Ақышевтiң, Қаржы министрi Б.Сұлтановтың, Бiлiм және ғылым министрi Е.Сағадиевтiң, Мемлекеттiк қызмет iстерi министрi Т.Донақовтың баяндамалары тыңдалды. Селекторлық отырысқа Қазақстанның өңiрлерi де қатысты.
Гүлшара Әбдiқалықова жиын барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы заңның» қабылдануына байланысты Президент Жарлығымен комиссияның аты өзгертiлгенін айтты. Ендi ол «ҚР Президентi жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi комиссия» деп аталады. Бұның алдында «ҚР Президентi жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерi жөнiндегi комиссия» деп аталған. Мемлекеттiк хатшы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қайырбек Сүлейменов комиссия құрамынан шығарылғанын да айтып өттi.