МӘЖІЛІС ЖЕР КОДЕКСІНІҢ НОРМАЛАРЫНА МОРАТОРИЙДІ ҚАРАСТЫРАТЫН ЗАҢ ЖОБАСЫН МАҚҰЛДАДЫ
Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Енді құжат Парламент Сенатының талқысына шығарылатын болады, деп жазады ҚазАқпарат.
Мәжіліс депутаты Сергей Звольскийдің айтуынша, заң жобасын талқылау барысында депутаттар тарапынан жер қатынастарын реттеуге бағытталған басқа да бірқатар ұсыныстар келіп түскен. Соның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мәселелері де бар. Алайда, оны бастама жасаған депутаттар кейіннен өздері алып тастады. «Біз жер заңнамасына қатысты заңнамалық өзгерістер енгізу мәселесіні тек ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша құрылған Жер реформасы жөніндегі республикалық комиссияның отырыстары аяқталғаннан кейін ғана қарастырамыз деп шештік. Комиссия жергілікті жұртшылықтың пікірлерін, өңірлердегі мәселелерді терең қарастырып, талқылауға кіріскен. Осыған байланысты, қаралып отырған заң жобасында Мемлекет басшысының мамыр айындағы мораторий туралы Жарлығын іске асыру тетіктері ғана қамтылып отыр», - деді С.Звольский.
Заң жобасы жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы ҚР Президентінің ағымдағы жылғы Жарлығын орындау мақсатында әзірленген. Аталған заң жобасымен ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін «ҚР Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның және Жер кодексінің бірқатар нормалары тоқтатылады. Атап айтқанда кодекстегі шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға жарғылық капиталындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалдау шарттары мен уақытша жерді пайдалану құқығын берумен, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының азаматтарына және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығындағы жер учаскелеріне жеке меншік құқығын берумен байланысты нормаларының қолданысқа енгізу мерзімі тоқтатылады.