ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ 143 ТҮЛЕК «АЛТЫН БЕЛГІМЕН» МАРАПАТТАЛДЫ
Бүгін Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театрда «Бала шақтан – болашаққа» атты салтанатты кеш өтті. Онда Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев «Алтын белгі» иегерлерін марапаттады.
Салтанатты шараға білім бәйгесінде оқ бойы озық шыққан 143 түлек, олардың ата-аналары, алғашқы ұстаздары, мұғалімдер, мекемелер мен аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары қатысты.
- Өткен жылға қарағанда «Алтын белгі» иеленгендер қатары биыл біршама артты. 68 түлек үздік аттестатпен бітірді. Жеңімпаз түлектерге алғыс айтамыз, - деген аймақ басшысы мектеп бітірушілердің омырауына алтын белгі тағып, сыйлықтар тапсырды.
Бұл ретте Қырымбек Көшербаев ұстаздардың еңбегін ерекше атап өтті. Бірлескен еңбектің нәтижесінде облыс бойынша орташа балдық көрсеткіш 82,7-ні құрады. 100 және одан жоғарғы балды 722 оқушы жинаса, 4 мектеп бітіруші 122 балға қол жеткізді. Алғашқы үштікте – Жалағаш, Жаңақорған және Қармақшы аудандары.
Марапаттау рәсімі концерттік бағдарламаға ұласып, кеш өте мазмұнды және тартымды өтті.
Назерке САНИЯЗОВА