ҚАЗАҚСТАНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ 84 ПАЙЫЗЫН ЖҰМЫСЫ ЖОҚ АДАМДАР ЖАСАЙДЫ - БАС ПРОКУРАТУРА
Қазақстанда құқық бұзушылықтың 84 пайызын жұмысы жоқ адамдар жасайды. Бұл туралы бүгін ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов мәлім етті, - деп жазады «Қазақпарат».
«Бүгін талқыланатын мәселе өте маңызды. Бизнеске қолайлы жағдай жасау, кедергілерді алып тастау - Елбасымыздың біздің алдымызға қойып отырған міндеті. Сондықтан бұл мәселе құқық қорғау органдарына, прокуратураға өте маңызды. Біз жалпы кәсіпкерлікке жағдай жасауға өте мүдделіміз. Неге десеңіздер, бүгінгі күні құқық бұзушылықтың 84 пайызын жұмысы жоқ адамдар жасайды. Сондықтан ол біздің тікелей міндетіміз де», - деп атап өтті ол «Кәсіпкерлік саласындағы прокуратура қадағалауы» атты форумда.
Сонымен қатар ол түрме реформасының нәтиже беріп келе жатқандығын да хабарлай кетті.
«Түрме реформасына қатысты арнайы реформалар жасап келеміз. Олар өздерінің нәтижелерін берді. Соңғы үш жылда түрмедегілердің саны 30 пайызға кеміді. 52 мың болатын еді, бүгінгі күні 37 мың. Бірде бір рақымшылық жасамай-ақ осы көрсеткішке қол жеткізілді», - деді Ж.Асанов.