ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ
ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі Хабылсаят Әбішев және Бас прокуратураның басқарма аға прокуроры Ержан Тұрмағамбетов кеше іссапармен Қызылорда қаласында болып, жергілікті қоғам белсенділерімен кездесті.
Кездесу барысында облыс прокуроры Халидулла Дауешов сөз сөйледі. Сондай-ақ Жер кодексіне енгізілген түзетулер және халықты толғандыратын еңбек, миграция, тұрғын-үй заңнамасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі, полиция қызметі, басқа да мәселелер бойынша пікірлер тыңдалып, бұл бағыттар бойынша прокуратурамен атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде түсіндірме берілді.
Мұндай кездесулер республиканың барлық аймағында өткізіліп, нәтижесінде әрбір қатысушының ұсыныстары мен пікірлері Бас Прокурордың жеке өзіне баяндалып, жұмыс барысында ескеріліп, тиісті шаралар қолданылатын болады.
Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі