СОТ ЖҮЙЕСІ ИНСТАНЦИЯЛАРЫ ОҢТАЙЛАНДЫРЫЛДЫ
«Сыр Медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында бүгін «Ұлт жоспары шеңберіндегі сот жүйесінің реформалары» тақырыбында брифинг өтті.
Мемлекет басшысы заңның үстемдігін қамтамасыз ету үшін салаға 19 жаңалық енгізсе, оның 11-і сотқа тікелей байланысты. Ең алдымен, сот жүйесі инстанциялары оңтайландырылды. Биылдан бастап сот ісін жүргізудің үш сатылы жүйесі енгізілді.
- Бүгінгі күні Қызылорда облыстық соттарының сот процестерінің барлығы дерлік бейне және үнтаспаға жазылады. Алқабилер соты қолданылатын салалар кеңейтілді. Судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктері көбейіп, біліктілік талаптары күшейді, - деді облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі алқасының төрағасы Қайрат Адранов.

Брифингте облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы Ержан Қарабаев өткен жылы пайда болған тергеу судьясы институтының жұмысына тоқталды.
- Бұл жаңашылдық тиімділігін дәлелдеді. 2016 жылдың 5 айында тергеу судьяларының қарауына 700-ден астам материал түскен. Бұл өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда 3,5 есеге көп, - деді Ержан Қарабаев.
Назерке САНИЯЗОВА