ҚАЗАҚСТАН ҒАЛЫМДАРЫ ҰЛЫТАУ-АРАЛ ӨҢІРІН ТЕРЕҢ ЗЕРТТЕМЕК
Қазақ ұлттық география қоғамының бастамасымен «Ұлытау-Арал» ғылыми экспедициясы ұйымдастырылады. Ғылыми зерттеу жұмыстары 15-25 маусым аралығында өткізіледі. Экспедиция 4500 км-ге созылмақ. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-де өткен брифингте қоғамның халықаралық және ғылыми жобалар жөніндегі директорының орынбасары, экспедиция басшысы Сәулет Сәкенов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.
«Біздің мақсатымыз – гидробиологиялық зерттеулер жүргізу үшін Арал теңізі суының құрамына талдау жасау. Қазіргі уақытта Аралдың солтүстік бөлігі қалпына келтіріліп жатқаны белгілі. Ал біз су қоймасының қатты экологиялық апатқа ұшыраған бөлігін зерттейтін боламыз. Жалпы, экпспедицияның құрамына 25 адам жұмыс істейді. Экспедицияның жалпы ұзындығы 4500 км-ді құрайтын болады», - деді ол.
Сондай-ақ, Сәулет Сәкенов экспедиция аясында жаңа туристік бағыттарды айқындау жұмыстары жүргізілетіндігін атап өтті.
«Жаңа туристік бағыттарды нақтылайтын боламыз. Ұлытау өңірінде тарихи маңызы зор ескерткіштер көп. Алайда олар толық зерттелмеген. Әрі отандық туристік компаниялар жүзеге асыратын туристік бағыттар іске қосылмаған. Сондықтан біз Ұлытау өңірінің оңтүстік бөлігін зерттейтін боламыз», - деді экспедиция басшысы.
Айта кетейік, экспедицияның құны – 1 млн 400 теңге. Қазақ ұлттық география қоғамының аталмыш жобасына Еуразиялық Топ (ERG), «KАZ Minerals» компаниясы, «Қазақмыс» корпорациясы демеушілік көрсеткен.