ҚҰРМЕТТІ ЗЕЙНЕТКЕРЛІККЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ
Қызылорда облысы Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік мекемесі №11 өрт сөндіру бөлімнің қызметкерлері жүргізуші, азаматтық қорғау прапорщигі Бауыржан Жақайұлын Алмағамбетовті құрметті зейнеткерлікке шығарып салды.
Ол өзінің қызметін 1994 жылдан №153 әскери өрт бөлімінде өрт сөндіруші лауазымынан бастады. 14 жастан бастап өрт-құтқару спортына қатысты. 1986-1987 жылдары яғни, Кеңес Одағы кезінде жас өрт сөндірушілер арасында болған өрт-құтқару спортынан Қазақстан Республикасының чемпионы атанды, содан соң, бұрынғы Куйбышев (қазіргі Самара) қаласында өткізілген жарыста 7 орынды иеленді. Әскери қызметті яғни, өзінің Отан алдындағы борышын 1988 – 1990 жылдары аралығында Польша Халық Республикасында өтті.
1998 жылы өрт-құтқару спортынан Қазақстан Республикасының құрама командасының қатарында болып, Набережные Челны қаласында өткізілген халықаралық турнирге қатысты. Өрт - құтқару спортының спорт шебері. 2013 – 2015 жылдар аралығында бөлімнің аталған спорт бойынша құрама командасының жетекшісі болды. Қызмет бабында қайтыс болған әріптестерімізді еске алуға байланысты, Қызылорда облысының өрт бөлімдері арасында ұйымдастырылатын жарыстарда бөлім құрама командасымен бірге жүлделі орындарды иеленді.
Бауыржан Алмағамбетов өзінің атқарған қызметінде ірі және күрделі өрттерді сөндіруге қатысты. Атап айтқанда, ТЭЦ-6, ЦКЗ полигонында, «Самал» қонақ үйінде орын алған өрттерді жоюда белсенділік танытты. Жаңадан қабылданған қызметкерлерді тәрбиелеу жұмыстарына белсене атсалысып, оларға өрт сөндіру әдіс – тәсілдерін үйретуден жалықпады. Бөлімде қызметкерлер арасында сыйлы да, өте құрметті.
Қызылорда қаласы №11 өрт сөндіру бөлімінің ұжымы әріптестерін құрметті зейнеткерлікке шығарып салып, оған зор денсаулық, мол бақыт, қажымас қайрат, бейнеттің зейнетін көруді тілейді.
Талғат ДОСМАҒАМБЕТОВ,
Қызылорда қаласы №11 өрт сөндіру бөлімінің бастығы
азаматтық қорғау майоры