ЕРТЕҢ ҚЫЗЫЛОРДАДА «КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАДАҒАЛАУ АТТЫ ФОРУМ ӨТЕДІ
Ертең, 14 маусым күні сағат 15.00-де Бас прокуратураның бастамасымен Қызылордада «Кәсіпкерлікті қорғау саласындағы қадағалау (мазмұны және басымдылығы)» атты форум өтеді.
«Атамекен» кәсіпкерлік палатасы және «Нұр Отан» партиясы жанындағы кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесі қосымша ұйымдастырушылар ретінде қатысады. Форум тікелей режимде «ABCTV-Atameken Business Channel» арнасынан көрсетіледі. Алдағы уақытта облыс көлемінде көшпелі форумдар өткізу жоспарланып отыр.
Бұл ретте 2016 жылдың 5 айында облыстық прокуратура органдарымен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды. Нақтыласақ, облыстық прокуратура органдарымен кәсіпкерлікті қорғауға байланысты 5 тексеру жүргізіліп, 1 наразылық, 21 ұсыныс енгізіліп, қаралу қорытындысымен 47 кәсіпкердің құқықтары қорғалып, 15 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильдік топтармен мемлекеттік органдар мен ұйымдар тарапынан кәсіпкерлік субъектілерін 4 заңсыз тексеру әрекеттері анықталып, 14 кінәлі тұлғалар тәртіптік жазаға тартылған.
Сонымен қатар, 2016 жылдың 5 айында уәкілетті органдармен кәсіпкерлік субъектілерінің мүлікті басқару құқықтарын заңсыз шектеу деректері орын алып, қолданылған прокурорлық шаралардың нәтижесінде 6 (2015 жылы - 4) кәсіпкердің құқықтары қорғалды.
Нақтыласақ, қалалық мемлекеттік кірістер басқармасымен кәсіпкерлердің мүліктеріне шектеу қою туралы шешімдері салық берешектерінің өтелуіне қарамастан мерзімінде уәкілетті органға жолданбай, кәсіпкерлердің Конституциялық құқықтарының бұзылуына жол берілгені анықталып прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде заңсыздықтар жойылып, Басқарманың жауапты қызметкері тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
Сондай-ақ, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасымен 2014-2015 жылы инвестициялық салымдарды субсидиялау барысында шаруашылықтарға негізсіз 9 857 648 теңге субсидия есептелмегені анықталып прокуратураның ұсынысымен 7 ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге аталған сомма толығымен аударылуы қамтамасыз етілді.
Облыстық прокуратураның бастамасымен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бағытында, яғни заңсыз тексеру әрекеттеріне шағымдану Whats App мобильдік қосымшасы қарастырылып бүгінгі таңда облыс аумағында кәсіпкерлікті қорғау бағытында билбордтар ілініп лэд экрандар арқылы жадынамалар көрсетілуде.
Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі