ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ЛАҢКЕСТІК ОҚИҒАДАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР ҮШІН ҚАН ТАПСЫРДЫ
2016 жылғы 5 маусым күні Ақтөбе қаласында болған лаңкестік шабуыл салдарынан зардап шеккен азаматтарға көмек қолын созу мақсатында қызылордалық полицейлер қан тапсыру шарасына өткізіп, еліміз үшін қиын сәттерде бүкіл Қазақстан халқымен бірге екендіктерін көрсетті.
Аталмыш шара Қызылорда облыстық Ішкі істер департаментінің ұйымдастыруымен маусым айының 13-15 күндері аралығында өткізілуде. Шараның басты мақсаты – қанды оқиғада көз жұмған құрбандарды еске алу және ауыр қазаға ұшыраған отбасылардың қайғысына ортақтасу, зардап шеккен азаматтарға көмек қолын созу болып табылады.
13 маусым күні таңғы сағат 9-дан бастап полиция қызметкерлері Облыстық медицина орталығына жиналып, өз еріктерімен қан тапсыру шарасын бастап кетті.
Қамқорлық акциясына түске дейін барлығы 50-ге жуық қызметкер қатысып, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің «қиналғанға қол ұшын бер» принципін басшылыққа алатындықтарын дәлелдеді. Шара 15 маусымға дейін жалғасатын болады.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі