АРМЕНИЯНЫҢ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА ЕШ КЕДЕРГІСІЗ ӘКЕЛІНЕ АЛАДЫ
Арменияның дәрі-дәрмектері қазақстандық нарыққа еш кедергісіз әкеліне алады, деп жазады primeminister.kz.
ҚР Парламентінің Сенатында әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысы барысында Арменияның ЕАЭО-ның дәрі-дәрмектер және медициналық мақсаттағы заттар үшін бірыңғай талаптары туралы келісіміне қосылуы туралы заң жобасы қаралды.
Отырыста айтып өтілгендей, аталмыш заң жобасын қабылдау барысында Армения Республикасының дәрі-дәрмектері Қазақстан нарығына алдын ала тіркеусіз кіре алады.
«ҚР Сенат Парламентінде Арменияның ЕАЭО-ның дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы заттар үшін бірыңғай талаптары туралы келісіміне қосылуы туралы заң жобасы қаралды. Келісім-шарт Еуразиялық экономикалық одақ аумағында дәрілік заттардың айналымына қойылатын жалпы талаптарды белгілейді, көбінесе дәрі-дәрмектердің бірыңғай тіркеулеріне қатысты», - деді ҚР ДСӘДМ вице-министрі Елжан Біртанов.
Е.Біртанов өз сөзінде, тізімдерде дәрілік заттардың сапасын қамтамасыз ететін жалпы талаптар қамтылғандығын, фармакопея талаптары, инспекторатқа қойылатын талаптар, сонымен қатар клиникалық зерттеулер нәтижелерін жалпы қабылдау бар екендігін айтып өтті.
«Біздің ойымызша, бұл ЕАЭО азаматтары үшін сапалы, қолжетімді құралдарды алуға көптеген мүмкіндіктер ашады», - деді вице-министр.
Естерінізге сала кетейік, 2014 жылдың 23 желтоқсанында ЕЭК отырысында ЕАЭО аясында медициналық құрылғылар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техникаларды дұрыс қолдану ережерелі мен бірыңғай қағидаттары туралы келісімге қол қойылды. Одаққа Армения қосылғаннан кейін келісімге қайта қол қою керек.
Заң жобасы палатаның қарауына жіберілді.