АҚПАРАТҚА ҚОЛЖЕТІМДІЛІК: МҮМКІНДІКТЕРІ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ
Бүгін Қызылорда қаласында «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының ұйымдастыруымен, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кластерлік бюросының қолдауымен аймақ журналистеріне арналған «Ақпаратқа қол жеткізу» тақырыбында үш күндік семинар тренинг басталды. Тренинг «Асыл» қонақ үйінің мәжіліс залында 27 қыркүйекке дейін жалғасады.
Семинар-тренингте ақпаратқа қол жеткізудің ерекшеліктері мен жергілікті әкімшіліктердің міндеті және қарапайым тұрғындарды ақпараттандыру тұрғысынан БАҚ-тың рөлі тұрғысынан біраз жайттар айтылмақ. Оған Қызылорда қаласынан және Арал, Қазалы аудандарынан журналистер мен газеттердің бас редакторлары қатысуда.
Шынар БЕКБАН