АЛҒАШ РЕТ ҚЫЗЫЛОРДАДА АУЫЛ ЖАСТАРЫ АРАСЫНДА «СӘТТІ ҚАДАМ!» КОНКУРСЫ ӨТТІ
Конкурс Даму Қорының Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалы және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 18 бен 29 жас аралығындағы ауыл жастарына арнап өткізілді.
Облыстың барлық аудандарынан келген қатысушыларға өз бизнесін туған өлкеде бастауларына бірқатар мүмкіндіктер ұсынылды. Конкурстың бірінші кезеңінде қатысушылар «Студент жастардың кәсіпкерлік бастамасын қолдау» бағдарламасы аясында бизнесті жүргізу жолдарын оқып, сұлулық салонын ашудағы қадамдармен, қаржылық бизнес-жоспардан бастап жарнамаға дейінгі кезеңдермен танысты. Оқудың соңында барлық конкурсанттар кәсіпкерлік курсын сәтті аяқтағаны туралы арнайы сертификатқа ие болды.
Конкурстың екінші кезеңінде қатысушылар визажистер сайысында бақ сынады. Егер конкурстың оқыту кезеңінде қатысушылар шағын сұлулық салонын ашу жолдарына машықтанса, екінші кезеңде Қызылорда облысының ең танымал сұлулық студияларында кәсіби оқудан өтуге болатын арнайы сертификат жеңіп алуға мүмкіндік алды.
Конкурстың қорытындысы бойынша, бірінші орынды Арал ауданының тұрғыны Маржан Кемаділдаева иеленді, екінші орынды да Арал ауданының тумасы Гүлдана Сағидуллаева қанжығасына байлады, үшінші орын жаңақорғандық Гүлнұр Амироваға бұйырды. Жеңімпаздарға дипломдар мен «Dinara Almussaeva» сұлулық студиясында және «Харизма» сән және таланттар Академиясында кәсіби оқудан өтуге сертификаттар табысталды. Барлық басқа қатысушылар конкурста белсенділік танытқандары үшін алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарға ие болды. Келесі кезеңде бастауыш кәсіпкерлердің бизнес-идеясын жүзеге асыру мақсатында Даму Қоры мен Жастар ресурстық орталығы тарапынан бизнестерін ұйымдастыруға және жүргізуге қолдау көрсетіледі және мемлекеттік бағдарлама аясында қаржылық ресурстар тартуға көмек көрсетілетін болады. Бір сөзбен айтқанда қатысушылардың жобалары табысты жүзеге асқанға дейін ұйымдастырушылар тарапынан қолдауға ие болады.
Іс-шара ұйымдастырушылары табысты кәсіпкерлер Динара Алмусаева мен Алма Әбеноваға демеушілік көмектері және конкурсты ұйымдастыруға қолдау көрсеткендері үшін үлкен алғысын білдірді.