«ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ» ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Қызылорда облысында бір аптаға созылған «Денсаулық Фестивалі» өз мәресіне жетті. Биылғы «Денсаулық Фестивалі» 6-11 маусым аралығында жаппай халықтың белсене қатысумен өткізілді. Көптеген жұмыс орындары, түрлі басқармалар, кәсіпорындар, жастар, қарапайым тұрғындар бір кісідей ат салысты.
Апта бойы, қалалық, аудандық және облыстық медицина орталығының бастамасымен «Ашық есік» күндері жарияланып, облыс бойынша 10 мыңға тарта тұрғындар денсаулығын тексертті.
Жастар арасында замануи билер, көңілді тапқыштар ойыны, мектептер мен бала бақшаларда түрлі сайыстар мен сурет конкурстары жарияланды.
«Денсаулық Фествалінің» салтантында құттықтау сөз сөйлеген, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев, жүлдегерлерді бағалы сыйлықтармен марапаттады.
«Денсаулық Фестивалінің» негізгі ұйымдастырушысы - облыстық денсаулық сақтау басқармасы және облыстьқ жастар денсаулығы орталығы. Фестивалде басқарма басшысының орынбасары Нұржамал Мырзағалиева спорт түрлері жүлдегерлерін марапаттады.
«Денсаулық Фестиваліне» облыстың 20 мыңнан аса тұрғындары қатысып, салауаттылық шараларына белсене араласты.
Тәуелсіздікті 25 жылдығы аясында өткізіліп отырған Медицина қызметкерлерінің 50 спартакиадасының қортындысы бойынша, соғыс және еңбек ардагері Кеңесбай Қалиев құттықтау сөз сөйледі. Қалалық спорт бөлімінің меңгерушісі Манас Төлебаев, спартакиада қортындысы бойынша жүлдегер командаларды бағалы сыйлықтармен марапатттады.
«Денсаулық Фестивалінің» соңы ән-шашуға жалғасты.