СЫР ӨҢІРІ ШЕГІРТКЕМЕН КҮРЕСІП ЖАТЫР
Сыр өңірі жылға азық болар егініңді бір мезетте жайпап кететін шегірткемен күресіп жатыр, деп хабарлайды 24.kz сайты.
Облысқа тиесілі 24 млн гектар жердің 161 мың гектарында зиянкестің таралу аймағы байқалып, зерттелген. Қазір 7 ауданда 12 жер агрегаты мен 5 дельтаплан мемлекеттен бөлінген залалсыздандыру сұйықтығын сеуіп жатыр. Жаңақорған, Шиелінің егін алқаптарын дәрілеуді аяқтаған соң өсімдік қорғаушылар жасағы солтүстік аудандарға ойысады. Шегіртке қанаттанбай тұрып, 26 мамырда басталған улау жұмыстарын мамандар маусымның ішінде аяқтауды жоспарлап отыр. Агроалқаптарды шығынға ұшыратпау үшінаумақтық инспекция және болжау-әдістемелік орталығының мамандары таңның атысы, күннің батысы егістік басында жүр.
Жанат Дүзелбаева, ҚР АШМ аумақтық инспекция басшысының міндетін атқарушы:
- 161 мың гектардың 32 мың гектарына өңдеу жұмыстары жүргізілді. Шегірткенің жасы 3-дәрежеге келіп тұр. Біздер бүгінгі таңға дейін болжамдау әдістемелік орталығының көрсеткен жұмыстарына байланысты өңдеу өз дәрежесінде уақытылы өңделіп жатыр. Халықтың еккен егініне ешқандай зиян тигізбеуге жұмыс жасап жатырмыз.