ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ БАРЛЫҚ ЖОЛАУШЫЛАРҒА БИЛЕТ ТАРАТЫЛУЫ ТИІС
Қоғамдық көлікке жаңа тариф енгізілмек, яғни үлкендерге – 70 теңге, оқушыларға – 30 теңге болып бекітілді. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытбек Жұпарбеков мәлімдеді. Аталмыш тариф бағасы автобустарға да газельдерге де бірдей. Тариф 20 маусымнан бастап өз күшіне енбек.
Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап қалалық қоғамдық көліктерде жол жүру билеттік жүйесі енгізілген болатын. Сондықтан жолақысына есептескенде кондуктордан өзіңізге тиесілі жол жүру билетін талап етуіңізге болады.
Осы орайда Қызылорда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жол-патрульді полициясы қызметкерлерімен бірлесіп, қаламыздағы қоғамдық көліктерде билеттерді таратылуы тексерілді. «Рейд барысында көптеген бұзушылықтар орын алынғаны белгілі болды. Яғни Қызылорда қаласында қалалық қоғамдық көліктерде жол жүру билеттік жүйесі енгізілетіні хабарланғанмен автобустардың көбінде билеттік жүйесі болған жоқ. Кейбір автобус жүргізушілерінің бағытқа шығуға рұқсаты бар арнайы жолдама қағаздары да болмай шықты», - деді көлік бақылау инспекциясының басшысы Марат Мамырбаев.
«Бүгінгі рейдтік іс-шарада біз жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын барлық қоғамдық және жеке тұлғаларға тек түсіндірме жұмыстарын ғана жүргіздік. Келесі тексеруде тәртіпке бағынбаған маршруттарға айыппұлдар төленбек», - деді диспетчер бөлімінің жетекшісі Ақылбек Абильдаев.
Одан бөлек, мамандар жазғы уақытта көптеген қоғамдық көліктерде кондуктор ретінде мектеп жасындағы оқушылар отыратындығын айтты. Мұндай рейдтер әлі де жалғасын таппақ.
Барлық қала тұрғындарының назарына ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап қалалық қоғамдық көліктерде жол жүру билеттік жүйесі енгізілгенін хабарлаймыз. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы ҚР Кодексінің талаптарына сәйкес, қоғамдық көлікте жол жүргені үшін ақы төлеуден жалтарған жолаушыға 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Ал қалалық және қала маңына қатынайтын автобуста жолаушыларды билетсіз алып жүргені үшін тасымалдаушыға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу көзделген.
Шынар БЕКБАН