ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ 2013-2016 ЖЫЛДАРЫ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасы 2013-2016 жылдары атқарған жұмысы туралы «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында БАҚ өкілдеріне баспасөз конференциясын өткізді.
Брифингке облыстық кәсіпкерлер палатасының басшысы Ғалымбек Жақсылықов, Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Дархан Мырзалиев, Кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер бойынша орынбасарының м.а. Бақытжан Әбиев, Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Жанна Аманова қатысты.
- Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының құрылған сәтінен бастап 380 кәсіпкерден құқығын қорғау жөнінде 380 өтініш түсті. Палатамен 300-ден астам кәсіпкердің құқығы қалпына келтірілді. Нәтижесінде кәсіпкерлер 1 млрд. 160 млн. теңгеден астам қаржысын сақтап қала алды. Мұнан өзге, Палатаның заңгерлері сот процестеріне қатысып, кәсіпкерлердің сотта заңды мүддесін қорғауда. Мұның барлығы тегін, - деді Ғ.Жақсылықов.
Шынар БЕКБАН