ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ДМИТРИЙ РОДИНГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
Бүгін Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев «Бек Эйр» авиакомпаниясының командирі, «Халық қаһарманы» Дмитрий Родинді қабылдады.
Еске сала кетейік, 2016 жылдың 27 наурызында «Қызылорда-Астана» бағыты бойынша «Бек Эйр»-дің «Фоккер-100» ұшағы Елорда әуежайына апатты жағдайда қонған болатын. Әуе кемесінің алдыңғы шассиі істен шыққан-ды. Экипаж командирі Родиннің кәсіби біліктілігі мен ұстамдылығының арқасында ұшақ 120 жолаушысымен дін аман қонды.
Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Дмитрий Родиннің Отан алдындағы ерлігі мен өз ісіне деген адалдығын ескере, «Халық қаһарманы» атағын берді. Айта кетейк, осы уақытқа дейін тәуелсіз Қазақстанның азаматтық авиация тарихында ешкім дәл мұндай үлкен марапатқа ие болған емес.
- Байыптылық сақтап, үрейге бой алдырмай, дұрыс шешім қабылдай білу – оңай іс емес! Сіз абыроймен кәсіби парызыңызды орындап шықтыңыз. Бұл ерілігіңізге барщша қазақстандық тәнті. Ол өз кезегінде отандық авиация тарихына енері сөзсіз! Бүгінгідей тұмарымыз – тыныштық болып тұрған сындарлы шақта сіздің ерлігіңіз әсіресе жастарға үлкен үлгі. Қай кезде болмасын отаншылдық, елжандылық «қара» күштерге тойтарыс берер ұлы сезім. Соңғы күндердегі Ақтөбедегі оқиғалар соған дәлел. Біз батырлар алдында басымызды ие отырып, ендігі жерде ер мен батыр атағы соғыста емес, тек еңбекте және бейбіт өмірдегі тіршілік майданында болсын деп тілейміз, - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
Аймақ басшысы бүгінгі күннің қаһарманы Дмитрий Родинге сәттілік, денсаулық, бақыт, берекелі өмір тіледі.
Кездесу барысында облыс әкімі Ел Президентінің, Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хатын салтанатты түрде табыстады.
«Халық қаһарманы» Дмитрий Родин мен «Бек Эйр» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Жұмасұлтанов сөз алып, Сыр елінің алғаусыз сезіміне деген өз ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ, сол ұшақта жолаушы ретінде ұщқан облыстық қорғаныс департаментінің бастығы, генерал-майор Әлімжан Ерниязов та алғысын білдірді.