«АСТАНА ЭКСПО-2017» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫНЫҢ БҰРЫНҒЫ БАСШЫСЫ Т. ЕРМЕГИЯЕВ 14 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ
Сот барысында 12 айыпталушы тергеумен келісімге келген. 14 айыпталушы өз кінәларын мойнына алды. Ермегияевтің өзі кінәні мойындаудан бас тартты.
«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев бүгін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының үкімімен 14 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.
Сонымен қатар оған материалдық жауапкершілігі жоғары мемлекеттік лауазымды иеленуге өмір бойына тыйым салынды және "Парасат" ордені қайтарып алынады.
Қылмыстық іске төрағалық еткен судья Әділxан Шайxисламов бүгін «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевке қатысты сот үкімін жария етті.
Естеріңізге сала кетейік, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының бұрынғы басшысына ҚР ҚК-нің 176-бабының 4-бөлігіндегі «б» тармақшасымен қарастырылған ауыр қылмыстарды бірнеше рет қасақана жасады деген күдік келтірілген еді.
Талғат Ермегияев 2015 жылдың 12 маусымынан бері үйқамақта болған еді. Айыптаушының ақпараты бойынша, жымқырылған қаражат көлемі 10,2 миллиард теңгені құрап отыр. Онымен бірге 22 адам сот алдында жауап берді. Олардың негізгі бөлігі компания қызметкерлері болған. Қылмыстық іс 540 томға жетіп отыр.