ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ ҚАСИЕТТІ ТУЫ АСТЫНА БҰРЫНҒЫДАН БЕТЕР ТОПТАСУҒА МІНДЕТТІМІЗ
Ағымдағы жылдың 5 маусымы барлық қазақстандықтар үшін ұмытылмас қаралы күн болып қалуы тиіс. Ақтөбе қаласында орын алған экстремистік және террористік бүлік барша азаматтардың заңды алаңдаушылығын туғызуда. Біздің Республикамыздың Тәуелсіздік алғалы бергі 25 жылда 100 жылға бергісіз қиын асулардан өтіп, кемел дамуға бет алуы көптеген шетелдік қара ниеттілердің қызғанышын тудырып отыр. Олар Қазақстанды бірқатар Таяу Шығыс пен ТМД елдерінде болған «түрлі-түсті төңкерістердің» алаңына айналдырғысы келді. Ал осындай «бұратартулардың» салдары сол елдердің халқын зор күйзеліске ұшыратқаны айдан анық. Бізге мұндай арандатуларға жол беруге болмайды. Біз Елбасы көтерген Тәуелсіздігіміздің қасиетті туы астына бұрынғыдан бетер топтасуға міндеттіміз. Болашағымыз үшін, еліміздің кемел келешегі үшін. Қазіргі тарихи кезең барша қазақстандықтарды қырағы болуға, әрбір істе ұстамдылық таныта отырып, саяси байсалдылыққа үндейді. Уақыт әр кезде өз дегенін жасатады. Олай болса, біз, бүгінгі күні әлемдегі дағдарысты кезең тудырған қажеттіліктер мен сын-қатерлердің мәнін жете түсінуге және қоғамдағы мүмкін болар түрлі «сілкіністердің» алдын алуға дайын болуға тиіспіз.
Алдағы уақытта 5 маусымдағы бүліктің себеп-салдары тек қана құқық қорғаушылардың ғана емес, сонымен қатар азаматтық сектор белсенділерінің қатысуымен жан-жақты тексерілуі қажет деп санаймын.
Мен, Тұңғыш Президентіміздің 8 маусымды жалпыұлттық қаралы күн ретінде жариялаған шешімін толық қолдаймын. Бұл шешімі арқылы Елбасы әрбір Қазақстан азаматының қазасын өте ауыр қабылдайтынын тағы бір танытып отыр. Мен де өз тарапымнан Ақтөбедегі террористік бүлік барысында марқұм болған азаматтардың отбасыларына көңіл айтамын. Қасиетті ораза тұсында марқұм болғандардың жандары шейіт, имандары салауат болғай!
Н. МЫҢЖАС,
Қызылорда облыстық ҚХА Хатшылығы жанындағы
Ғылыми сараптамалық топ жетекшісі, профессор