«ӘРБІР ҚАЗАҚ ӨЗ БАУЫРЫМ» ДЕЙТІН КӨЗҚАРАСТА БОЛУЫМЫЗ КЕРЕК
Қандай да бір дін болмасын имандылыққа, рақымшылыққа және кешірімге шақыратын, қасиетімен ұстанатын құлшылық уақыттары болады. Біздің ислам дінімізде сондай уақыттардың бірі, жыл он екі айдың сұлтаны болып танылатын – Ораза айы. Өзін мұсылманмын деп есептейтін әрбір адам бұл уақытта ауыр күнәні былай қойғанда, жаман сөз айтпауға, жақындарын ренжітпеуге, асылық, өтірік айтпауға және басқа да ислам діні келіспейтін әрекеттерге барынша бармауға тырысады.
Көпұлтты мемлекетіміздің саяси тұрақтылығы да осындай гуманистік құндылықтарға сүйенеді. Үш жыл сайын әлем діндері көшбасшылары саммитінің Қазақстанда ұйымдастырылуы да мейірбандылығымыздың, достығымыздың мызғымас дәлелі емес пе? Дегенмен, іштен шыққан жау жаман демекші, ислам дінін жамылып, өз пайдасын көздеген, не болмаса шет елдердің суық пиғылын жүзеге асыру мақсатында ұлттық намысын пұлға сатқан азаматтар табылып жатыр арамызда. Қандай өкінішті. Кешегі бұзақылық әрекеттерін бастар алдында саналы ойлады ма екен, артын бағамдады ма екен? Тыныш жатқан елді дүрліктіргеннен ешқандай пайда түспейтінін ойламаған-ау, сірә.
«Әрбір қазақ өз бауырым» дейтін көзқараста болуымыз керек. Онсыз да халқымның зұлмат жылдарында басынан өткергені аз емес. Бірлігіміз, сыйластығымыз ешқашан мызғымасын, ағайын!
Қазбай ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ.
Қорқыт Ата атындағы
Қызылорда Мемлекеттік Университетінің профессоры,
экономика ғылымдарының кандидаты.