КЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР АҚТӨБЕДЕГІ БОЛҒАН ЖАҒДАЙҒА БҮКІЛ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРМЕН БІРГЕ ҚАЙҒЫРАДЫ
Ақтөбе қаласында орын алған лаңкестік шабуыл құрбандарын 9 маусым күні Қызылорда облысының Ішкі істер департаментінің жеке құрамы үнсіздікпен еске алды. Жалпыұлттық аза тұту күні ОІІД-ның ғимаратында Мемлекеттік туы төменге түсірілді.
«Қызылордалық полицейлер барлық Қазақстан халқымен бірге қайғыруда. Бұл біздің еліміз үшін үлкен трагедия»,- деді Қызылорда ОІІД Ардагерлер кеңесінің төрағасы, запастағы полковник Пеисов Мылтықбай Пеисұлы.
ІІО барлық қызметкерлері және ардагерлер кеңесі қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтады.
«Бірде бір адам бей-жай қарап қалмауы тиіс. Елде бейбітшілік пен тұрақтылық болуы үшін, біз бірігуіміз керек» - деп ойларын жеткізді тәртіп сақшылары.
«Барлық полиция қызметкерлері осы қайғылы оқиғаның құрбандарына қан тапсыруға қатысады»,- деп сөз сөйледі Қызылорда ОІІД-ның бастығы полиция полковнигі Жанат Сүлейменов.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі