ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ ЛАҢКЕСТІКТЕН ҚАЗА БОЛҒАНДАРДЫ БІР МИНУТ ҮНСІЗДІКПЕН ЕСКЕ АЛДЫ
Бүгін таңсәріден ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық аппаратының ғимаратында ту төмен түсірілді. Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов бастаған ҚР Қарулы Күштеріндегі әскери қызметшілердің жұмыс күні қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды, деп хабарлайды Bnews.kz.
Бүгін – Ақтөбедегі лаңкестік шабуыл кезінде қаза тапқан азаматтарды аза тұту күні. ҚР Қорғаныс министрлігінің барлық бөлімшелері мен ҚР Қарулы Күштерінің әскери бөлімдерінде мерт болғандардың құрметіне бір минут үнсіздік жарияланды. Сондай-ақ ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов қаза болғандардың отбасыларының қайғысына ортақтасып, көңіл айту жеделхатын жолдады, деп мәлімдеді ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.