ТАЛҒАР ЖҰРТЫ АҚТӨБЕДЕ ОҚҚА ҰШҚАН МАЙОР ДАНИЕЛЬ МАЙЛЫБАЕВТЫ АҚТЫҚ САПАРҒА ШЫҒАРЫП САЛДЫ
Бейбіт күнде оққа ұшқан Даниел Ақарысұлы Ұлттық ұланның қарсы барлау қызметінің майоры. Оны ақтық сапарға шығарып салуға облыстық мәслихат хатшысы, «Нұр Отан» партиясының өкілдері мен әскерилер келді. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов жерлеу рәсіміне қатысып, туған туыстарының қайғысына ортақтасты, деп хабарлайды kaztrk.kz.
Даниель Майлыбаевтың артында аңырап 4 баласы мен жары қалды. Балаларының ең кішісі 8 айлық, үлкен қызы 13 жаста. Қамқоршысыз қалған марқұмның отбасына облыс қазынасынан 5 миллион теңге материалдық көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, оларға күзде Талғар қаласынан пәтер беріледі.