ЕРТЕҢ ЕЛІМІЗДЕ ҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ БОЛЫП ЖАРИЯЛАНДЫ
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты Қазақстан Республикасында ұлттық аза тұту жариялау туралы» Өкімімен 9 маусымда ұлттық аза тұту жарияланды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
"Ақтөбе қаласында жасалған террористік актінің салдарынан әскери қызметшілер мен азаматтардың қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасында 2016 жылғы 9 маусымда ұлттық аза тұту жариялансын", - делінген Өкімде.