САНИТАРЛЫҚ-ГИГИЕНАЛЫҚ НОРМАЛАР МЕН ҚАҒИДАЛАРДЫ САҚТАУ ҚАЖЕТ
Қызылорда облысында жұқпалы жіті ішек аурулар аурушаңдығы бойынша қалыптасқан эпидемиялогиялық ахуал және аурудың алдын алу шаралары туралы облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департамент басшысының орынбасары Ұлбосын Аханаева баспасөз конференциясын өткізді.
- Жыл сайын Қызылорда облысындағы тұрғындар арасында 1,5-2 мыңға жуық жұқпалы жіті ішек аурулары тіркелуде, оның 90 пайызы Қызылорда қаласы үлесінде. Ауруға шалдыққандардың 14 жасқа дейінгі балалардың үлесі 74,3 пайызды құрап, 110 жағдай тіркелген. Бүгінде жіті ішек ауруларын 3 жасқа дейінгі балалардан ерте анықтау және регидратациялық ем жүргізу мақсатында ауызбен сулау бекеттері, барлығы 125 бекет қызмет жасауда. Аталмыш бекеттерде міндетті түрде науқас балаларға медициналық бақылау жүргізе отырып, регидрон сусынын ережеге сәйкес беріп, сусызданудан сақтайды, - деді Ұ.Аханаева.
Сондықтан жаз мезгілдерінде тез бұзылатын тағам түрлерін алғанда сақтық шараларын жүргізіп, тамақ алдында тамақ дайындар алдында тұрғындар, әсіресе балалар ішек инфекциялары мен тағамдық уланудың алдын алу жөніндегі санитарлық-гигиеналық нормалар мен қағидаларды сақтауы қажет.
Шынар БЕКБАН