НАЗАРБАЕВ МЕКТЕБІНІҢ ЖАЗҒЫ МЕКТЕБІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Бүгін сағат 09:30-да Қызылорда қаласы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «ғарыш айлағынан» алғаш рет 4 зымыран ұшырылды.
Бұл зымырандарды оқушылар жазғы мектеп жұмысы барысында «Зымыран құрылысы» курсы аясында өз қолдарымен әзірледі. Алдымен математикалық есептеулер жүргізіп ғарыш зымыранның макетін дайындады. Кейін оның қозғалу траекториясын зерттеді және мектеп зертханасында қатты отын алу тәсілдерімен танысты.
«Бүгін зымырандарды ұшыруға оқушылар 4 түрлі отын түрін пайдаланды. Оқушылар зымыранды аспанға көтеруге қажетті қоспаның мөлшерін аңықтай білді. Сондай-ақ, «ғарышкер» ретінде пайдаланылған түрлі жәндіктердің ерекшеліктерін бақылап, ұшуға деген бейімділігін байқады. Жазғы мектептің негізгі мақсаты – оқушылардың физика, математика, химия, биология және өнер пәндері бойынша практикалық білімдерін жетілдіру болып табылады. Оқушылар бойында жобалау, зерттеушілік дағдылар молынан қалыптасты деп ойлаймын», - дейді Жазғы мектеп директоры Зәуре Ділманова.
Жазғы мектеп жұмысының екінші бағыты жылытуды қажет етпейтін және электр қуатын аз пайдаланатын заманауи үлгідегі тұрғын үйдің құрылысына бағытталған. Бүгінге дейін оқушылар мектеп айналасындағы топыраққа, ауаға және суға экологиялық сараптама жасады. Енді жас жеткіншектер эко-үйдің макетін дайындау үстінде, қорытынды жұмыстарын арнайы өткізілген көрмеге ұсынады. Бұл курстың ерекшелігі - сабақтарды шетелдік мұғалімдер жүргізеді, сондықтан оқушылар зерттеушілік қабілеттерін дамытып қана қоймай, ағылшын тілін білу деңгейін арттыру мүмкіндігіне ие.
Жазғы мектеп жұмысында барлығы 408 оқушы қамтылған. Әр күні оқушылар қызықты жаңалықтар ашып, сабақтан бос уақыттарын тиімді өткізуде.
Айта кетейік, жалпы білім беретін мектеп оқушылары үшін де Назарбаев мектебінің Жазғы мектебі 13 маусымнан бастап өз жұмысын бастайды. Оқу ұзақтығы - 2 апта, сағат 9:00-ден 15:00-ге дейін. Бағдарламада ағылшын тілі, музыка, спорттық ойындар және тағы басқа көңілді шаралар қарастырылған. Сабақтардың барлығын шетелдік мұғалімдер жүргізеді. Оқу ақысы - 30600 теңге. Толық ақпаратты nis.edu.kz сайтынан немесе 8/7242/ 55-11-51 байланыс телефоны арқылы біле аласыздар.