БАЙҚОҢЫР КЕШЕНІНЕ КЕЛГЕН ҚОНАҚТАРҒА АРНАП ТУРИСТІК ЗОНА ЖАСАУ ҚАРАСТЫРЫЛУДА
Кеше облыс әкімінің орынбасары Ғалым Әміреевтың төрағалығымен баспасөз конференциясы болып өтті. Баспасөз конференцияға Қызылорда облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиал директоры Жансұлтан Матаев, «Қызылорда» өңірлік инвестиция орталығы» микроқаржы ұйымы» ЖШС директоры Самат Ерниязов, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Азамат Досжанов қатысты.
Кездесу барысында Жансұлтан Матаев кәсібін дөңгелетем деген кәсіпкерлер 20 млн. теңгеге дейін несие ала алатынын, сонымен қатар ауылға көптеп көңіл бөлініп жатқанын атап өтті.
- Кешендік сервистік қызметті дамыту мақсатында Байқоңыр кешеніне келген қонақтарға арнап Төретам кентіндегі Елшібай станциясында 5 га аумақты қамтитын туристік зона жасау қарастырылуда. Қазірдің өзінде 1 инвестор 300 млн теңге құрайтын 2,5 га жерге конақ үй кешені, сервисті техникалық орталығы, мини-кафе және жанармай бекетін салуда. Сонымен қатар, Қорқыт Ата мемориалдық кешенінің жанынан жергілікті туристік фирма «Этноаул» жобасын ұсынды. Этноауылда туристерге ұлттық салт-дәстүрлердің барлық түрлері көрсетілетін бірнеше киіз үйден тұрады. Әрі қарай, Қамыстыбас көлінің туристік инфрақұрылымын дамыту мақсатында жағалауға сэндвич-панельдерден тұрғын үйлер салынуда. Әр үй 24 шаршы метрді құрайды, оның ішінде заманауи жуынатын бөлме, жатын бөлме және ас үй қарастырылған, - деді Ж.Матаев.
Өткен жылдың статистикалық мәліметтеріне сәйкес Қамыстыбас демалыс аймағына 70000 демалушы барған, ол алдыңғы жылмен салыстырғанда 20%-ға көп.
Шынар БЕКБАН