ЕҢ БАЙ ҚАЗЫНА ЖАПОНИЯДАН ТАБЫЛДЫ
Телеарнаның мәліметінше, тиындардан тұратын қазына Хасуда қаласындағы префектурадағы (қалалық әкімшілік) қазба жұмыстары кезінде табылған.
Қазынаның биіктігі 70 сантиметр екен, онда 260 мың бақыр тиын болған. Сондай-ақ, тиындардың арасында тесіктер бар болғаны айтылады. Қазіргі уақытта қазына Кумагая қаласындағы мәдени құндылықтарды сақтау қоймасына қойылды.
Археологтардың айтуынша, қазына шамамен XV ғасырдан кейін көмілген.