ҚАЛЫҢМАЛ ҮШІН ЕКІ ӘЙЕЛГЕ ҮЙЛЕНГЕН БОЙЖЕТКЕН ПОЛИЦЕЙЛЕРДІ ШОШЫТТЫ
Үндістанның Уттаракханд штатында полиция еркек болып алдап, бірнеше қызға үйленген Кришна Сен есімді әйелді тұтқындады. Ол мұндай қадамға қалыңмал үшін барған деп хабарлайды oxu.az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Полицияға Сеннің бірінші әйелінің ата-анасы арыз түсірген. Айтуынша, күйеу баласы олардан қалыңмал бопсалаған. Олардың айтуынша, ер адам жеке бизнесін ашу үшін 850 мың рупий (13 мың доллар шамасында) ақша алып, ақыры қайтармаған.
Тергеу барысында Сен полцицейлердің күдігін тудырып, құзырлы орган өкілдері оны медициналық тексерістен өтуге жібереді. Тексеріс барысында тәртіп сақшылары алдарында отырған "еркектің" шын мәнісінде әйел екені анықталған.
Белгілі болғандай Сен бірінші әйелімен тойдан кейін 2014 жылы ажырасып, 2017 жылдың сәуір айында екінші рет тағы үйленген. Тіпті еркек болып алдаған әйел жұбайларының ешқашанда күдігін тудырмаған. Себебі, ол еш уқытта олардың алдында шешініп, интимдік қатынасқа бармаған. Сонымен қатар оның еркек достары да көп болған. Ал жүрісі мүлде әйелдердікіне ұқсамаған.
Басылымының жазуынша, бұрын Свити есімімен танымал болған әйелге әзірге қандай айып тағылатыны білгісіз.
Айта кетейік, Үндістанда қалыңмал беруге, алуға заңмен тыйым салынған.