ЖЕР БЕТІНЕН ТАҒЫ БІР ЖЫРТҚЫШ ЖОЙЫЛДЫ
Шығыс пумасы жер бетінен мәңгілікке жойылып кетті. Жабайы жануарлар мен аң-құстарды тіркейтін АҚШ-тың федералды тізімінен Шығыс пумасы сызылып тасталды, деп жазады РИА Новостиге сілтеме жасаған https://sn.kz/.
АҚШ-тың Балық қоры мен жабайы жануарларын қорғау қызметі ғылыми және коммерциялық ақпаратқа сүйене отырып, Шығыс пумасын жер бетінен мәңгілікке жойылған жыртқыштардың қатарына қосты. Бұл шешім туралы заң 2018 жылдың 22 ақпанынынан бастап күшіне енеді.
Аталған жыртқышты америкалық ғалымдар 1938 жылдан бері бақылауға алған екен. Ол кезде табиғатта аз болса да кездесетін дейді олар. Бертін келе мүлдем ізі де қалмапты. Яғни, популяциясы жер бетінен жоғалды деп айтуға толықтай негіз бар.