МАКЕДОНИЯ ЕЛДІҢ АТЫН ӨЗГЕРТУ ЖӨНІНДЕ РЕФЕРЕНДУМ ӨТКІЗБЕК

Бірақ үкімет басшысы ресми Афинамен де келіссөз жүргізіліп жатқанын жеткізді. Ал екі елдің арасындағы дауға Грекияда осы аттас аймақтың болуы себеп. Сондықтан ресми Афина Македониядан млекеттің атын өзгертуді талап етіп, оның Еуроодақ пен НАТО-ға мүше болуына кедергі келтіріп отыр. 1993 жылы да Грекия бұл мемлекетті БҰҰ-ға «Бұрынғы югославиялық Македония республикасы» деп қабылдануына қол жеткізген еді. Бірақ әзірге ресми Скопьенің халық талқысына қандай жаңа ат ұсынғалы отырғаны белгісіз. Бұған дейін ақпарат құралдарында грек билігінің Македония үкіметінен елді «Вардари» деп атауды ұсынғаны туралы айтылған. Бірақ Скопье оны қабылдамай тастаған еді.
24.kz
