ТҮРКІМЕНСТАНДА ҚАРА ТҮСТІ КӨЛІК МІНУГЕ ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ
Жаңа жылдан бастап Түркіменстанда қара түсті көлік мінуге қатаң тыйым салынды деп хабарлайды haqqin.az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Қаңтардан бастап елге қара түсті көлік әкелуге болмайды. Ал қара көлік мінетіндерге темір тұлпарын тез арада басқа түске бояу тапсырылды.
Осыдан соң, Түркіменстандағы көлік жөндеу орталықтары бағаны екі есеге көтеріп жіберген. Бұрын көлікті бояу 500 доллар тұрса, енді 1000 долларға өсті.
2015 жылдан бастап Түркіменстан елге қара түсті көлік әкелуге тосқауыл қойған еді.