ҚЫТАЙЛЫҚ ДӘРІГЕР 18 САҒАТТЫҚ ЖҰМЫСТАН МИЫНА ҚАН ҚҰЙЫЛЫП ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Қытайдың Шаньси провинциясында дәрігер 18 сағат үздіксіз жұмыс істеп, қайтыс болды. Бұл туралы Asia One жазады, деп хабарлайды https://baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru басылымына сілтеме жасап.
29 желтоқсанда 43 жастағы Чжао Бянсян ауруханада емделушілерді тексеріп жүріп, қызымен жатқан пациенттің палатасында құлап қалады. Куәгерлердің айтуынша, қайтыс болар алдында дәрігер «Анаңыздың жағдайы қалай?» деп сұраған.
Әйел сол күні жан сақтау бөліміне жатқызылды. Бірақ келесі күні қаза тапты. Бянсянның өліміне торлы қабық астына қан құйылуы себеп болыпты. Бұл – мидағы қан айналымның бұзылуы.
Чжао Бянсян ауруханадағы тыныс алу органдары аурулары бөлімі бастығының орынбасары қызметін атқарған. Дәрігердің әріптестері оның еңбекқор және мекемедегі ең үздік маман болғанын айтып отыр.