ӘСКЕРИЛЕРГЕ ҚЫТАЙ СМАРТФОНЫН ҚОЛДАНУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ
Үндістан билігі әскерилерге Xiaomi смартфонын қолдануға тыйым салды, деп хабарлайды https://baq.kz/ ақпарат агенттігі Life.ru-ға сілтеме жасап.
Мамандар аталған смартфон арқылы қытайлық барлау өкілдері деректер жинап, тыңшылық әрекеттерін жүзеге асырып отыр деген пікірде. Бұл туралы Үндістанның жергілікті БАҚ өкілдері мәлім еткен.
Смартфондардан бөлек Xiaomi-дың планшеттері мен ноутбуктарын да қолдануға болмайды. Қадағалаушы мамандар Google Play-ден тыңшылық әрекетке қатысы бар деген күдікпен 42 қосымшаны өшіріп тастаған. Оның ішінде қытайдың WeChat және Weibo мессенджерлері бар.
Xiaomi гаджеттері ел ішінде өте жиі қолданылатындықтан, бұл мәселе айтарлықтай алаңдатып отыр. Корейдің Samsung смартфонын басып озған қытайлық гаджеттің 9,2 млн данасы сатылымға шыққан.