ҒАРЫШТА ӘЗІРЛЕНГЕН ПИЦЦА
Италиялық ғарышкер Паоло Несполи (Paolo Nespoli) мен Халықаралық ғарыш станциясының басқа да мүшелері ғарышта... пицца әзірледі. Бұл туралы ол Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Несполидің айтуынша, «пиццаны қатты сағынып қалыпты» және оны әзірлеу үшін ХҒС-дан қажетті тағамдарды беріп жіберуін өтінген көрінеді. Олардың жетекшісі Кирк Ширман ғарышкердің сұранысын Cygnus жүк көлік кораблі арқылы жеткізіп беріпті.