ЭМОМАЛИ РАХМОН ТУРАЛЫ ПЬЕСА ЖАРЫҚ КӨРДІ
Шығарманың авторы елдің мәдениет министрлігінде бөлім басшысы болып қызмет ететін Абдугаффор Абдужаббор. Мың данамен шыққан пьеса «Назаркарда» деп аталады. Бұл «Құдай өзі таңдаған адам» деген мағына береді, деп хабарлайды https://baq.kz/ ақпарат агенттігі rus.ozodlik.org-қа сілтеме жасап.
Пьеса 15 бөлімнен тұрады. Драмалық шығарманың басты кейіпкерлері - Нұр-ақсақал, Ақын және Періште, президенттің анасы мен оның отбасы мүшелері. Пьеса Рахмон билікке келердің алдындағы азамат соғысынан басталады. Жоғары кеңестің төрағасы болып сайланған соң Рахмон соғысты тоқтатуға, бірлік пен татулыққа шақырады.
Шығармада өзге елдер басшыларынан Ресейдің бұрынғы президенті Борис Ельцин бар.
Автор президент Эмомали Рахмонды мистикалық тұлға етіп сомдайды. Ол ылғи Періштемен ақылдасып отырады. Осылайша Құдайдың назары түскен ерекше адам ретінде көрінеді.
Пьеса Эмомали Рахмонның БҰҰ-да сөз сөйлеуімен аяқталады.
Басылымның хабарына қарағанда, бұдан бұрын ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода президент туралы әннің сөзін жазып, ол әнді елдің атақты әншілері орындаған.