ГРАНАТАМЕН СЕЛФИ ЖАСАП, ӨМІРІМЕН ҚОШТАСТЫ
Краснодар өлкесіндегі Лабинск қаласының 26 жастағы тұрғыны гранатамен селфи жасаймын деп өмірімен қоштасты. Қазір осы оқиғаға байланысты жергілікті құқық қорғаушылар тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы http://www.interfax.ru/ агенттігі хабарлады.
Тергеу алды зерттеуде Лабинск қаласы тұрғынының өлер алдында әлеуметтік желідегі парақшасына граната ұстап түскен суретін салып үлгіргені анықталған. Суреттерінің бірінен оның граната шығыршығын алып түскені көрінеді.
"Ол шығыршықты қайтып салуды білмеген болуы мүмкін. Ал соның салдарынан болған жарылыс жігіттің денесін екіге бөліп тастаған", - дейді құқық қорғаушылар.